Атырауда 1,6 млрд теңгенің жер телімі арнайы экономикалық аймақ меншігіне қайтарылды

Атырау облысы прокуратурасының қадағалау актілерімен мемлекетке 31 432 гектар жер телімі кері қайтарылды. Игерілмеген 16 жер телімінің құны 196 млн теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

«Мәселен, 137 жер қойнауын пайдаланушыдан 65 млн теңгенің ауыл шаруашылығы шығыны мемлекет кірісіне аудармағаны анықталды. Прокуратураның актісімен осы кезге дейін 13,8 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақта жүргізілген тексеру қорытындысымен «Атырау Нефтехим» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген 106 гектар жер телімі мақсатына сәйкес игерілмегені анықталды. Құны 1,6 млрд теңгенің аталған жер телімі арнайы экономикалық аймақ меншігіне қайтарылды. Өз міндеттемелерін орындамағаны үшін соңғысы АЭА қатысушылары қатарынан шығарылды», деп хабарлады прокуратурадан.

Сондай-ақ, «Кипрос» ЖШС-ға тиесілі 3,46 гектар жер теліміне қатысты іс сотта қаралған. Атырау қаласындағы аталған жер телімі пирс салуға арналған.

«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мақсатына сәйкес пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған жер телімінің нарықтық құны – 250 млн теңге. Жер заңнамасын қолдану саласындағы жұмыс облыс прокуратурасының үнемі бақылауында болады», деп мәлімдеді прокуратурадан.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...