КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Кентау қаласына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары алдымен Қарнақ ауылындағы құрылысы аяқталуға жақын Мәдениет үйі мен салынып жатқан спорт кешенін аралады. Нысандардың құрылыс қарқыны, сапасы және белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері сараланды.

Сонымен қатар Кентау қаласындағы бірқатар білім беру және әлеуметтік мекемелерде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, №7 Кәсіптік колледж, №17 Ә. Науаи атындағы жалпы орта мектеп, «Дарын» мектебі, «Жұлдыз» балабақшасы және «Жансая» облыстық балаларды оңалту орталығындағы жұмыстар зерделенді.

Нысандарды аралау барысында Еркебұлан Дауылбаев құрылыс сапасына ерекше назар аударып, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мердігерлер мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Кентау қаласы әкімдігінде арнайы мәжіліс өтті. Жиында облыстық басқарма басшылары өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мәжілісте құрылыс саласындағы бақылауды күшейту, әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың сапасын арттыру, қала аумағын абаттандыру және инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтау мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыру, құрылыс нысандарындағы бақылауды жүйелеу, заңсыз салынған нысандарға қатысты зерделеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық әрі сапалы аяқтау міндеттелді.

Өңірде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын бақылау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТАҢДАҒАН ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Жас ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасы – елдің әлеуметтік...

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу...

«ONLINЕ ЭКОЛОГИЯ»: ЖАСТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫН НАСИХАТТАУДА

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселесі қазіргі...

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен әр адамның...