«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Созақ ауданында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жергілікті тұрғындарға таныстырылды. Шолаққорған ауылындағы мәдениет сарайында өткен кездесуге партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алмас Салимов және облыстық сайлауалды штабтың мүшелері қатысты.

Жиын барысында партия өкілдері алдағы бес жылға арналған бағдарламаның негізгі бағыттары мен басым міндеттерін баяндады. Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, өңір экономикасын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Атап айтқанда, «Заң мен тәртіп» бағыты аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату және 400-ден астам «Әділет керуені» қабылдауын өткізу көзделген.

Ал «Тиімді институттар» бағыты бойынша депутаттардың халық алдындағы есептілігін күшейту, қоғамдық қабылдаулар мен есептік кездесулердің санын арттыру жоспарланған.

«Қуатты өңірлер» бағыты аясында тұрғын үй құрылысын дамыту, елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 97 пайызға жеткізу және 2 500 шақырым жолды жөндеуге ықпал ету міндеттері белгіленген.

Сонымен қатар «Әділ экономика» бағыты ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтиды. Бағдарламада цифрландыру, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларын дамытуға арналған бастамалар да қарастырылған.

«Таза Қазақстан» бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, жасыл желек көлемін арттыру және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне басымдық берілген.

Кездесу барысында Алмас Салимов сайлауалды бағдарламаның нақты көрсеткіштер мен нәтижеге бағытталған міндеттерге негізделгенін атап өтті.

«Партия үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындар көтерген мәселелерге назар аударып, олардың шешілуіне ықпал ету. Әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», – деді Алмас Алтайұлы.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттердің орындалу барысына тұрақты назар аударылатынын жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, аудан тұрғындарына партияның алдағы бес жылға арналған жоспарларымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ – ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІК

Қоғамның дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыруы білікті мамандарға,...

Түркістанда «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында қорытынды форум өтті

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастар арасында құқық бұзушылықтың...

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Елдің ертеңі бүгінгі жастардың біліміне, бастамашылдығына және қоғамдық өмірдегі...

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары мен сайлауалды...