«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Төле би ауданында медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ғалымжан Елшібай қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі міндеттер мен бастамаларды таныстырды.

Кездесу барысында ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше мән берілген. Ауылдық елді мекендердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, заманауи медициналық жабдықтармен қамту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту негізгі бағыттардың қатарында.

Ғалымжан Елшібай өз сөзінде медицина саласының тұрақты дамуы тұрғындардың өмір сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, олардың еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, саланың өзекті мәселелері бойынша ашық диалог өрбіді. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Жиын медицина саласының өкілдері мен партиялық штаб мүшелері арасындағы пікір алмасу алаңына айналып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ – ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІК

Қоғамның дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыруы білікті мамандарға,...

Түркістанда «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында қорытынды форум өтті

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастар арасында құқық бұзушылықтың...

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Елдің ертеңі бүгінгі жастардың біліміне, бастамашылдығына және қоғамдық өмірдегі...

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары мен сайлауалды...