Арыс және Көлкент бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып, кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен талқыланды.
Жиын барысында Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл-аймақтарды дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу бағыттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алдағы міндеттер мен партиялық жұмыстың басым бағыттары жөнінде ой бөлісті.