ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН НЕСИЕ БОЙЫНША 272 ЖАСТЫҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Шымкент қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға 500-ге жуық азаматтан өтініш түсті. Бүгінде 272 үміткердің жобасы мақұлданды. Жас кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын қолдауға қаралған қаражат толығымен игеріліп отыр.
 Жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастаған жастардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.
 Жеңілдетілген несие жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
 Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпарат және жиі қойылатын сұрақтармен «https://www.agrocredit.kz» сайтында танысуға болады. Шымкентте өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...