ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАЛАРДАҒЫ 53 ЕМДЕУ КАБИНЕТІНДЕ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ КӨМЕК ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

 Күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлы вирустық инфекциялары (ЖРВИ), тұмау, қызылша және басқа да вирустық инфекциялардың эпидемиялық өсу маусымы басталады. Вирустық инфекциялар кез келген жастағы науқастарда әртүрлі асқыну тудыруы мүмкін. Көбінесе, науқастардың ерекше осал санаттары, яғни 3 жасқа дейінгі балалар, ауыр созылмалы аурулары бар науқастар, егде жастағы (60 жастан асқан) кісілер және иммунитет тапшылығы бар адамдар зардап шегеді.
 Медицина мамандары қала тұрғындарын өз бетінше емделмей, дәрігерлерге қаралуын сұрайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде аумақтық емханалардың медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну қажет.
Уақытылы басталған ем асқынуларды болдырмауға және ауруханаға жатудан сақтайды!
Осыған байланысты Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, ЖРВИ, тұмау, қызылша, пневмония ауруларының маусымдық өсуі кезінде медициналық көмекке қолжетімділікті күшейту мақсатында қазіргі уақытта қаланың емханаларында күн сайын, сонымен қатар, демалыс және мереке күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін сүзгілер мен емшара кабинеттері жұмыс істейтінін хабарлайды.
 Айта кетейік, мегаполис емханаларының 53 емдеу кабинетінде ересектер мен балаларға амбулаториялық емдеу тегін жүргізіледі.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...