Шымкентте әуежайдың маңындағы үйлер сүрілмейді!

Шымкент қаласындағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешім өзгерді. Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы тиіс. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Сонымен қатар, аталған аймақтағы 307 жер телімінде тұрғын үйлер орналасқан.
Аталған мәселені шешу үшін 307 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын. Алайда бағалау жұмыстары бұл мақсатқа 30 миллиард теңге қажет екенін көрсетті. Яғни, мемлекет мұқтажына қайтарып алудың қала бюджетіне салмақ түсіретіні анықталды. Сондықтан Шымкент әуежайына санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы шешім қабылданды. Осыған орай, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін «Qazaq City Stroy» ЖШС-мен меморандум түзілді.
Әуежайдағы жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы — 3 300 метр, ал, ені 45 метр болады. Нәтижесінде, халықтың баспанасы бұзылмайды. Мемлекет қаржысы да үнемделіп, әуежайда заманауи ұшып-қону жолағы салынады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...