Түркістан: Базардағы кітапхана қызметіне 250-ге жуық адам жүгінген

Өткен аптада «Базардағы кітапхана» жобасы аясында Түркістан қаласындағы ең үлкен «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пункті ашылған болатын. Бүгінде оқырмандарға қызмет етуді бастап кетті. Қазірге дейін 250-ге жуық адам аталған қызметтерді пайдаланған.
Базардағы кітапхана сейсенбі-жексенбі күндері 9:00-18:00 аралығында оқырман қабылдайды. Бір күнде 70 адамға дейін қызмет көрсетеді. Мұнда түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған және жігер беретін әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Бұл туындылар кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, жаңа әрі креативті идеялардың тууына мүмкіндік бермек. Халықтың сұранысына сай кітап сөрелері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сонымен қатар арнайы қатарлар немесе шкафтар орнатылып, сол жерде азаматтар оқыған кітаптарын сыйға қалдырады немесе басқа кітаптармен алмастырып оқи алады.
Айта кетейік, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ашылып отырған кітапхана қызметі білімге қолжетімділікті, мәдени құндылықтармен алмасуды көздейді. Сонымен бірге азаматтарға мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттерді, балаларға арналған кітаптарды ұсынады. Оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...