ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Түркістанда «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» атты ХII өңірлік азаматтық форумы өтті. Ең алдымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестік туралы «Елге еткен еңбек» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, арнайы бейнеролик көрсетілді.

Келелі басқосуға Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Шымкент, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа облыстардан делегация өкілдері қатысты.

Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмыс істеуі керек екендігін жеткізді.

– Форум – азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогтың, сенім мен серіктестіктің жарқын үлгісі. Облыс аумағында 700-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 33,4 %-ы қалаларда болса, 66,6 %-ы аудандарда орналасқан. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды дамыту бағыттарында жұмыстар атқаруда. Бұл – қоғам институттардың дамып, күшейіп келе жатқанының айқын дәлелі. Облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармалары, аудан, қала әкімдіктері мен үкіметтік емес ұйымдар арасында жүйелі әріптестік орнап келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау қаржысының көлемі арта түсуде. Атқарушы билік пен тұтас елдің, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы арқылы облыс экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша екі ай қатарынан үздік көрсеткіш көрсетуде. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен өсім 118%-ды құрап, республика көлемінде көшбасшылықты сақтап қалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 723,3 млрд. теңгені құрап, 13,5%-ға артты. Облыс экономикасының негізгі саласы болып саналатын ауыл шаруашылығында өнім көлемі 253,9 млрд теңгені құрап, өсім 104,7% деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша республикада көшбасшымыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Лаззат Чинкисбаева, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жамалбек Шәріпбеков мазмұнды баяндама жасап, азаматтық қоғамды дамытудағы орны мен маңызын қалыптастыру бағытындағы ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...