«Таза Қазақстан»: ел бойынша 767-ден астам іс-шара өткізілді

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Көпшіліктің қатысуы және аймақтық акциялар

2025 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша 767-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың ішінде дәстүрге айналған белгілі экологиялық акциялар бар:
«Таза кәсіп – таза аймақ» – таза өндіріс құру,
«Киелі мекен» – табиғи және қасиетті жерлерді қорғау,
«Таза өлке» – аумақтарды көпшілікпен тазалау,
«Мөлдір бұлақ» – бұлақтар мен су айдындарының тазалығын сақтау.
Бұл акциялардың әрқайсысы қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады және қоғамның әртүрлі топтарының: азаматтардың, бизнестің, студенттердің, мектеп оқушыларының және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіреді.
Қалдықтарды басқару – проблемадан шешімге жасалған қадам
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» шарасы аясында бірнеше айдың ішінде жүздеген мың үй ауласы тазартылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өтті. Осындай игі шаралардың арқасында елімізде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтармен жауапты жұмыс істеу. Ресми деректер бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық шығады, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 25,8% ғана болды, демек әрі қарай да инфрақұрылымды дамытып, халықты хабардар ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Осы мақсатта еліміздің қалаларында қайта өңделетін шикізат қабылдайтын әрі тұрғындарды тапсырған пластик пен алюминий үшін бонуспен ынталандыратын экобокстар мен фандоматтар белсенді түрде орнатылып жатыр. Бүгінде жеке бизнес Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.
«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғандағы 129 мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған мыңнан астам экобокс орнатылды», — деді Ерлан Нысанбаев.
Министр бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтып, әрі өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жасыл экономика және табиғатты қайта қалпына келтіру
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек екенін атап өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, орман алқаптарының аумағы ұлғайып келеді.
«Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді», — деп мәлімдеді Ерлан Нысанбаев.
Былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.
Биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлер үшін өндірістік контейнерлер (модульдер) жеткізілді.
Экологияға көмектесетін цифрлық құралдар
Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде республикада өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі заманғы технологиялар экологиялық сын-қатерлерге жедел ден қою үшін де белсенді қолданылады. 2024 жылдан бастап Қазақстанда @TazaQazBot телеграм-боты жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар өз елді мекендерінде экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы хабарлай алады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...