ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУДАН, ҚАЛАЛАРДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында аудан, қалаларда жалпы 22 шағын өндірістік парк құрылуда. Бүгінде жалпы аумағы 225,4 гектарды құрайтын алаңдарда 256 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.
▪️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өндірістік парктер құру барысы пысықталып, алаңда орналастырылатын жобалар қаралды.
▪️Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтап, жобаларды іске қосу бойынша нақты тапсырмалар берді.
– Облыс әкімі өндірістік парктерді заманауи талапқа сай әрі бәсекеге қабілетті жобалармен толықтыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Әр аудан, қалаға кемінде 5 өндірістік ғимарат салу міндеті қойылды. Ғимараттар қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылуы керек. Бұл бастама кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан үлкен қолдау. Жобаларды нақтылап, кәсіпкерлермен меморандум түзіңіздер. Басқарма тарапынан құрылыс жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырамын, – деді Қанат Қайыпбек.
▪️Мәжіліс барысында аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап, жобалар туралы мәлімет берді. Мәселен, Шардара ауданында шағын өндірістік парк құрылысы үшін 2 гектар жер қарастырылып, онда 6 ғимарат орналастырылуда. 6 жобаға 530 млн теңге инвестиция салынып, 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Аймаққа жол салынып, инфрақұрылым толық тартылған. Сайрам ауданында 2,4 гектар аумаққа 5 инвест жоба орналастырылмақ. Инвестиция құны – 950 млн теңге. Шағын өндірістік алаңдар салу бойынша Сауран, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Түлкібас аудандарында белсенділік жоғары.
▪️Бұл алаңдарда құрылыс материалдарын өндіру, пластик, темір және резеңке өнімдерін шығару, жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және химия өнімдерін өндіру, сүт өнімдерін өндіру, құрама жем өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін сублимациялық әдіспен кептіру және басқа да жобаларды жүзеге асыру көзделуде.
▪️Жалпы өндірістік парктерде іске асырылатын 152 жоба пысықталуда. Жобалардың жалпы инвестициялық құны – 212,8 млрд теңге. Өндірістік алаңдар іске қосылған соң, Түркістан өңірінде кәсіпкерлікке серпін беріліп, өңдеу өнеркәсібі мен шағын бизнестің үлесі арта түспек.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...