ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ауқымды отырысы өтті. Алқалы басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қабылдаған екі стратегиялық маңызы зор құжаты кеңінен талқыланды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жан-жақты дәріптелді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.

Келелі кеңесте облыстық ҚХА жанындағы өзбек этномәдени бірлестігі төрғасының орынбасары Райымжан Алибаев, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сейдулла Садықов, ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов баяндама жасап, ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттары туралы, ҚХА-ның 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жөнінде және ҚР Президентінің «Түркістан» газетіне берген сұхбатының негізгі басымдықтары туралы ой-пікірлерін білдірді.

Кеңес барысында этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея құрылымдарының алдағы жұмысына қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында этносаралық қатынастарды тұрақты мониторингтеу, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Салауатты сана» қағидаттарын кеңінен насихаттау, жастар мен еріктілерді Ассамблея жобаларына тарту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында жасанды интеллект технологияларын қолдану және әлеуметтік желілердегі арандатушылық контенттің алдын алу мәселелері бар.

Қоғамдық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және «Әділетті Қазақстан» қағидатын күнделікті тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында өткен жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының тапсырмалары Түркістан облысында сапалы әрі жүйелі түрде орындалуы қажеттігін айтты. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...