ТҮРКІСТАНДА ХОККЕЙДЕН «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Мұз сарайы» спорт кешенінде «Біз терроризмге қарсымыз» ұранымен Қазақстан Республикасының «Жастар лигасы» аясындағы кезекті тур ойындары өтті. Бейбітшілік пен татулықты ту еткен спорттық шарада Түркістан облысының «Тұран Тайгерс» командасы өз алаңында елордалық «Барыс» клубын қабылдады.
Тартысқа толы кездесуде қос команда да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс жолында бар күшін салды. Дегенмен, көпжылдық тәжірибесі бар астаналық хоккейшілер шебер ойын өрнегін танытып, матч тағдырын өз пайдасына шешті.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Жастар лигасына» еліміздің 13 командасы қатысуда. Қазіргі таңда «Тұран Тайгерс» турнирлік кестеде 9-орында келеді. Келесі тур ойындарын түркістандық команда 14-15 ақпан күндері Өскемен қаласының «Торпедо» ұжымына қарсы өткізеді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбында ұйымдастырылған жас суретшілер байқауының жабылу салтанаты өтті. Байқау жас буынның бейбітшілікке, тұрақтылық пен қауіпсіздікке деген көзқарасын шығармашылық тұрғыда танытуға мүмкіндік берді.
Қазылар алқасының шешімімен І орын Арман Қожабаевқа бұйырды. ІІ орынды Александр Кузников иеленсе, ІІІ орын Аяулым Баянғалиға табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, облыстық полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров марапаттады.
Аталған спорттық шара жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел бірлігі мен қоғамдық қауіпсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...