ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Түркістан облысы аумағында аса қауіпті зиянкестермен күрес шаралары биыл да жүйелі түрде жалғасады. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков төрағалық еткен мәжілісте кезекті рет қаралды.

Жиында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында құрылған штаб құрамының облыс әкімінің өкімімен бекітілгені айтылды. Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы жүргізген зерттеулер нәтижесінде ықтимал ошақтар анықталып, аумақ 65 секторға бөлінген. Сонымен қатар үйірлі шегірткелердің күбіршелеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.

Облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұрбол Бекмұратов фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидасына енгізілген өзгерістерді баяндады. Жаңартылған талаптарға сәйкес, жер үсті бүріккіштердің күндік нормасы төмендетіліп, жұмылдырылатын техника саны арттырылған. Ал қолданылатын химиялық препараттардың тиімділігі 95 пайыз деңгейінде бекітілген.

Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары жөндеуді қажет ететін техникаларды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

– Талдау нәтижесінде бірқатар ошақта күбіршелер саны азайғаны байқалады. Дегенмен, бұл жаңа ошақтардың пайда болу қаупін жоққа шығармайды. Барлық дайындық жұмыстары наурыз айына дейін толық аяқталуы тиіс. Химиялық препараттардың сапасы өңдеу басталғанға дейін тексеруден өтіп келуін қатаң қадағалаңыздар, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Айта кетейік, 2025 жылы өңірде үйірлі шегірткеге қарсы күреске 341 техника мен 3 мыңға жуық маман жұмылдырылып, 715,3 мың гектар алқап өңделген.

Биыл тәжірибе ретінде 8 ауданда 446 ошақты аумақта жер аудару тәсілі енгізілмек. Бұл әдіс зиянкестердің таралуын шектеуге және ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтауға бағытталған.

Өңірде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру мақсатындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...