МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Жандос Шайдуллаұлының қатысуымен ұйым аппараты және аудандық ұйым төрағаларының қатысуымен онлайн форматта маңызды жиналыс өтті. Кездесу Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Жиналыстың негізгі мақсаты – референдумның маңызын түсіндіру және жаңа Конституцияның ел болашағындағы рөлін талқылау болды.

Жиналыс барысында:

✅ Референдумның тарихи маңызы мен саяси мәні айтылды; ✅ Жаңа Конституцияның қоғам дамуына ықпалы талқыланды; ✅ Азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді; ✅ Аудандық ұйым төрағаларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жандос Шайдуллаұлы өз сөзінде жаңа Конституция — Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті ⚖️ Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы тұрақтылық пен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы рөліне ерекше тоқталды.

Жиналыс қорытындысында алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары айқындалып, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...