Woosong University Kazakhstan студенттері Президентке алғыс білдірді

Астана, Қазақстан — Қасым-Жомарт Тоқаев атына “Dostyq Fellowship” бағдарламасы аясында Корея Республикасында өткен Capstone Project жобасына қатысып қайтқан Woosong University Kazakhstan университетінің 12 студенті алғыс хат жолдады.
Студенттер Мемлекет басшысына елімізде білім беру саласын дамытуға және жастардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына бағытталған жүйелі қолдау көрсетіп отырғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер халықаралық стандарттарға сай білім алуға, озық тәжірибелерді меңгеруге және жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға жол ашып отыр.
Үш аптаға созылған Capstone Project бағдарламасы барысында қазақстандық студенттер жасанды интеллект, IT және бағдарламалау бағыттары бойынша нақты жобалармен жұмыс істеп, халықаралық профессорлар және мамандармен бірлескен тәжірибе алды. Бағдарлама кәсіби білімді тереңдетумен қатар, командалық жұмыс, жобалық басқару, жүйелі ойлау және жауапкершілікті бөлісу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, шетелдік студенттермен бір ортада білім алу мәдени алмасуды нығайтып, халықаралық ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын терең түсінуге ықпал етті. Woosong университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ұйымдастырушылары тарапынан көрсетілген қолдау сапардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті.
Бағдарлама қатысушылары алған білімдері мен тәжірибелерін ел игілігіне бағыттауды азаматтық міндет санайтынын атап өтті. Атап айтқанда, өз өңірлерінде, соның ішінде Түркістан қаласында IT және цифрлық технологиялар саласын дамытуға, жастарға арналған инновациялық бастамаларды қолдауға үлес қосуды жоспарлап отыр.
Студент пікірі
Алимуратова Арайлым:
— Кореяға келгенде өзімді мүлде басқа академиялық ортада сезіндім. Қалалардың тазалығы мен адамдардың сыпайылығы ерекше әсер қалдырды. Университетте Capstone Project аясында корей студенттерімен бірге жұмыс істеп, идеядан бастап презентацияға дейінгі толық процесті өткердік. Командалық жұмыс пен уақытты басқару дағдыларым айтарлықтай дамыды. Экскурсиялар мен мәдени бағдарламалар сапарды мазмұнды етті. Осындай халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін Президентке шынайы ризашылығымды білдіремін.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...