27 ақпан — Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күні

Бұл күн — азаматтық қоғамды дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген ұйымдардың еңбегін айқындайтын ерекше мереке. Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, кәсібиліктеріңіз бен қоғам игілігі жолындағы табанды қызметтеріңіз — өңіріміздің тұрақты дамуының маңызды негізі.
🔸 Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік мәселелерді шешуде, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуде, қайырымдылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ әділеттілік, экология, білім беру және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуде айрықша рөл атқарып келеді.
🔸 Сауран ауданы бойынша 20-ға жуық үкіметтік емес ұйым аудан әкімдігімен бірлесе отырып, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоғамдық бастамаларды қолдап, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуда. Бұл — өзара сенім мен нәтижелі серіктестіктің айқын көрінісі.
🔸 Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі атынан Сіздерге жаңа бастамалар мен табысты жобалар, тұрақты даму, сенімді серіктестер және шығармашылық шабыт тілейміз. Атқарып жатқан еңбектеріңіз нақты нәтижелерге жетіп, ел игілігі жолындағы игі істеріңіз жалғасын таба берсін!

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...