Жаңа Конституция жобасы қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер мен болжамдар таралуда. Осыған байланысты «Анти-Хейт» жобасы аясында кезекті шығарылым жарық көрді. Жобаның мақсаты — резонанс тудырған мәлімдемелерді саралап, нақты деректерге сүйене отырып түсіндіру, жалған ақпарат пен манипуляцияларды ажырату.
Бағдарламаның қонағы — Мурат Абенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Сұхбат барысында жаңа Конституция жобасына қатысты айтылып жүрген негізгі сын-ескертпелерге жауап беріліп, құжаттың мәні мен мазмұны жан-жақты талқыланды.
Негізгі талқыланған тақырыптар:
Конституциялық реформалардың мақсаты мен маңызы
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты өзгерістер
Билік тармақтарының өкілеттіктері туралы сұрақтар
Әлеуметтік желілерде тараған фейк ақпараттар
Мурат Абенов әрбір өзекті мәселеге нақты құқықтық тұрғыдан түсіндірме беріп, жаңа Конституция жобасының шынайы мазмұнын жеткізді. Оның айтуынша, кез келген реформа ашық талқыланып, қоғамның белсенді қатысуымен жүзеге асуы тиіс.
Ашықтық пен түсіндіру — басты қағида
«Анти-Хейт» — қоғамда сенімді ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталған жоба. Мұнда эмоциядан гөрі дерекке, айыптаудан гөрі талдауға басымдық беріледі.
Жаңа Конституция жобасы ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат болғандықтан, оны жан-жақты әрі жауапкершілікпен талқылау — ортақ міндет.