ҚР Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістандағы референдум учаскелерінің дайындығымен танысты

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапары барысында республикалық референдум өткізуге дайындық барысымен танысты.
Сапар аясында бірқатар референдум учаскелері араланып, олардың дауыс беру процесін ұйымдастыруға дайындығы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі бағаланды.
Тексеру барысында учаскелердің жабдықталуы, дауыс беруге арналған кабиналардың орналасуы, ақпараттық баннерлер мен көрнекі материалдардың қойылуы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар назарға алынды.
Бүгінде Түркістан облысында республикалық референдумды өткізу үшін 948 учаске дайындалған. Оның ішінде 26 жабық учаске бар. Референдумды ұйымдастыру жұмыстарына облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Олардың 90 пайызы әртүрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар.
Өңірде дауыс беру құқығына ие 1 187 257 азамат тіркелген. Сонымен қатар 16 601 ерекше қажеттілігі бар сайлаушы бар. Олардың дауыс беру құқығын толық қамтамасыз ету мақсатында учаскелерде пандустар, тактильді жолақтар орнатылып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Референдум учаскелеріндегі ақпараттық стендтерде комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссиялардың, сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының байланыс деректері, сондай-ақ дауыс беру бюллетенінің үлгісі мен дауыс беру тәртібі туралы мәліметтер орналастырылған.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін Брайль қарпі бар арнайы трафареттер, арба пайдаланатын азаматтарға бейімделген құпия дауыс беру кабиналары, сондай-ақ компьютер, үлкейткіш әйнек және қосымша жарықтандыру құралдарымен жабдықталған арнайы бұрыштар қарастырылған.
Сонымен қатар денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын азаматтардың өтініштері негізінде олардың тұрғылықты жерінде дауыс беру ұйымдастырылады. Мұндай өтініштер референдум күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...