ТҮРКІСТАН: РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша учаскелік референдум комиссиясы мүшелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Түркістан қалалық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, сондай-ақ Түркістан қаласындағы учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Семинар барысында «Референдум күні референдум комиссиясы мүшелерінің іс-әрекеті туралы» және «Референдумда қолданылатын онлайн-сервистер туралы» мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар учаскелік комиссия мүшелеріне арналған «Сұрақ-жауап» форматындағы викториналық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар соңында Түркістан қаласының аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, сондай-ақ учаскелік комиссия төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары арнайы тестілеуден өтті.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...