ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың маңызын талқылау, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және әділетті қоғам қалыптастыру бағытында пікір алмасу.
Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Нұралы Әбішов жүргізді.
Шара барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сөз сөйлеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда заң үстемдігінің маңызына тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтетінін атап өтті.
Өз сөзінде облыс әкімі конституциялық реформалардың елдің саяси жаңғыруына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталғанын жеткізді. Сондай-ақ жаңа конституциялық модель Әділетті Қазақстан қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Жиын барысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова қоғамдағы бірлік пен отбасы құндылықтарының маңызына тоқталды. Ал Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Ербекешов конституциялық реформалардың құқықтық жүйені жетілдірудегі рөлі туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар айтыскер-ақын Бекарыс Шойбеков және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз алып, ел дамуы жолындағы ұлттық құндылықтар мен қоғамдық сананың маңызы туралы пікір білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалардың қоғамды жаңғыртудағы рөлін атап өтіп, құқықтық мемлекет құруға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...