Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сидиропуло Кристина Дмитиревнаның қатысуымен алдағы республикалық референдумды қолдау мәселесіне арналған кездесу өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – еліміздегі конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру, саяси жаңғыру үдерісіндегі этномәдени бірлестіктердің рөлін айқындау, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту болды.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалына тоқталып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мәселелері де жан-жақты талқыланды.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын қорытындысында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, дауыс беруге бір ауыздан қолдау білдірді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...