Арыста теміржолшылармен конституциялық өзгерістер жөнінде ашық диалог өтті

Арыс қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – алдағы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және еңбек адамдарының пікірін тыңдау болды.

Жиынға қала аумағындағы теміржол саласында еңбек етіп жүрген 50-ден астам қызметкер қатысты. Кездесу барысында коалиция өкілдері қатысушыларға жоспарланып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен негізгі бағыттарын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын кеңінен түсіндірді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Негізгі назар теміржолшылардың ұсыныстары мен сұрақтарына аударылып, әрбір қатысушы өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Коалиция мүшелері конституциялық түзетулер азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Арыс қалалық коалиция төрағасы Бақтығали Ділдәбеков өз сөзінде Конституция – мемлекет дамуының басты тірегі екенін айтты. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ол референдум халықтың өз пікірін тікелей білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды саяси тетік екенін атап өтті.

Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс те сөз сөйлеп, еңбек адамдарының пікірін ескеру кез келген реформа үшін маңызды екенін жеткізді. Ол теміржол саласы тәртіп пен жоғары жауапкершілікті талап ететін стратегиялық бағыт екенін атап өтіп, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесі әрдайым назарда болуы тиіс екенін айтты.

Теміржолшылар тарапынан инфрақұрылымды дамыту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер және сала қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы заңнамалық тетіктер кезең-кезеңімен жетілдіріліп жатқанын айтып, барлық ұсыныстар назарға алынатынын жеткізді.

Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, референдумға қатысты қажетті мәліметтер берілді. Сондай-ақ мұндай түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдарында жалғасатыны айтылды.

Теміржолшылармен өткен бұл басқосу өзара сенімге негізделген, мазмұнды әрі нәтижелі диалог алаңына айналды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...