Жаңа Конституция: неке және отбасы – мемлекет қорғауында

Жаңа Конституция жобасында қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасы институтын нығайтуға ерекше мән берілген. Негізгі заңда неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болатыны нақты айқындалып, бұл қағида отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған маңызды нормалардың бірі ретінде қарастырылған.

Конституциялық ережелерге сәйкес, неке ер мен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде құрылады. Бұл қағида отбасы құрудағы теңдік пен өзара жауапкершілік қағидаттарын бекітіп, қоғамдағы тұрақты отбасылық қатынастардың қалыптасуына негіз болады.

Отбасы – қоғам тұрақтылығының, ұрпақ тәрбиесінің және ұлттық құндылықтардың сақталуының негізгі ортасы. Сондықтан мемлекет отбасының беріктігін қамтамасыз етуге, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін арттыруға және балалардың құқықтарын қорғауға басымдық береді.

Сонымен қатар, жаңа Конституцияда ана мен баланы қорғау, олардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету мәселелері де маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Бұл норма мемлекет тарапынан жүргізілетін әлеуметтік саясатты жетілдіруге және отбасыларды қолдауға бағытталған жүйелі шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Конституцияда бекітілген аталған қағидалар қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтауға, ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілікті арттыруға және мемлекет тарапынан көрсетілетін қорғауды күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамның тұрақты дамуына берік негіз қаланады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...