ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА АРНАЛҒАН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері Бостандық Жакей және Есенғали Бөлебай конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Темірлан абаттандыру» мекемесінің еңбек ұжымына ашық диалог ұйымдастырды. Кездесудің басты ерекшелігі — негізгі назар еңбек ұжымының пікіріне, ұсынысы мен сұрақтарына аударылды.
Жиынға аудан аумағындағы еңбек етіп жүрген жұмысшылар қатысты. Қатысушыларға алдағы конституциялық өзгерістердің мазмұны, бағыттары және күтілетін нәтижелері кеңінен түсіндірілді. Коалиция өкілдері түзетулердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық үдеріске қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тұстарын тарқатып айтты. Кездесу барысында еркін форматтағы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, әр қызметкер өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік алды.
Аудандық коалиция мүшесі Бостандық Жакей өз сөзінде бұл өзгерістер қоғам сұранысынан туындаған қадамдар екенін атап өтті. Ол жаңартылатын нормалар басқару жүйесінің ашықтығын күшейтіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсетінін жеткізді. Сондай-ақ әр азамат реформалардың мәнін түсініп, белсенді ұстаным танытуы маңызды екенін айтты.
Кездесу барысында коалиция мүшесі Есенғали Бөлебай сөз сөйлеп, еңбек адамдарының үні әрдайым ескерілуі тиіс екенін атап өтті. Ол су саласы— тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін стратегиялық бағыт екенін айтып, кез келген реформада өндіріс адамдарының мүддесі назарда болуы керектігін жеткізді.
Жиын қорытындысында мұндай кездесулердің маңызы зор екені айтылып, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдарында жалғасатыны хабарланды. Еңбек ұжымымен өткен бұл басқосу өзара сенімге негізделген, мазмұнды әрі нәтижелі диалог алаңы болды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...