Спорт саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Түркістан облысының орталығында конституциялық реформаларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты. Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қалыйма Жантөреева, Мұрат Ғұбайдұллин, Құрманғали Сүлейменов және Салтанат Есетова «TURKESTAN-ARENA» стадионында болып, спорт нысанының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы өзгерістер кеңінен талқыланды.
Жиын барысында спорт саласының дамуына қатысты мәселелер де қозғалды. Қатысушылар спорт инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жас спортшыларды қолдау бағытындағы бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Коалиция мүшесі Қалыйма Жантөреева өз сөзінде спорт саласының қоғам үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, спорт – тек жарыс пен жеңіс емес, ол ұлт денсаулығы мен қоғамның рухын көтеретін маңызды сала.

– Мемлекет тарапынан соңғы жылдары бұқаралық спортты дамытуға, жастарды спортқа тартуға және заманауи спорт нысандарын көбейтуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Алдағы конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті күшейтеді. Бұл әлеуметтік салалармен қатар спорттың да дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Әділетті қоғамда әрбір азаматтың өзін дамытуына және өз қабілетін жүзеге асыруына тең мүмкіндік болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі реформалар – елдің барлық саласының, соның ішінде спорттың сапалы дамуына негіз болатын маңызды қадам, – деді спикер.
Кездесу барысында спорт нысанының қызметкерлері де өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты сұрақтарына жауап алып, реформалардың мән-маңызын кеңінен талқылады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...