Түркістан: Сауран ауданында конституциялық реформалардың маңызы түсіндірілді

Түркістан облысының Сауран ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Ескі Иқан ауылдық мәдениет сарайында өткен жиынға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты. Кездесуді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңызы, ел дамуының жаңа кезеңі және конституциялық өзгерістердің мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, конституциялық реформалардың мемлекет тұрақтылығын нығайтудағы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз сөзінде елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту, тәуелсіздікті күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа конституциялық бастамалар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіріп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.

Жиын барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, белсенді жас Естай Аман және Сауран аудандық Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков сөз сөйлеп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңыздылығы жөнінде пікірлерін білдірді.

Шара аясында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, «Алқоңыр» ансамблі «Көңілашар» күйін орындады. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде қатысушылар конституциялық реформалардың мәні мен оның қоғам дамуына ықпалы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекет тарапынан қолға алынған реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Жиын соңында қатысушылар жаңа конституциялық өзгерістер елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтіп, жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...