«Табалдырығыңа табын» – тағылымы терең қойылым

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры көрермен назарына жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасын ұсынды. Қойылым көрерменді ата-анаға құрмет, адамгершілік пен перзенттік парыз мәселелері туралы терең ойға жетелейді.
Спектакльдің режиссері – Айдар Наурызбаев. Қойылымның көркемдік шешімі мен сахналық безендірілуін қоюшы суретші Қанат Шериев жүзеге асырса, костюм суретшісі – Маржан Досанқұлова. Театрдың көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Бағлан Төлендиев.
Қойылымда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – ата-ана қадірін ұмытқан ұрпақтың тағдыры, адамгершілік пен перзенттік борыш тақырыбы кеңінен қозғалады. Спектакль желісі бойынша университет ректоры қызметін атқарып жүрген ұлдың ауылдағы қарт ата-анасынан алыстап кетуі баяндалады. Анасы дүниеден өткенде де туған жеріне барып, қабіріне бір уыс топырақ салуға жарамаған перзенттің әрекеті арқылы қоғамдағы рухани құндылықтар мәселесі көрерменге ой салады.
Қойылымда уақыттың әділ таразысы айқын көрініс табады. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген халық даналығы спектакльдің негізгі идеясына айналып, әкенің көргенін ұлының қайталауы арқылы өмірдің ащы шындығы бейнеленеді. Осы арқылы көрермен ата-ана алдындағы жауапкершілік пен адамдық қасиеттердің қадірін терең түсінуге мүмкіндік алады.
Спектакльде театр әртістері Жасұлан Тұрғанбаев, Жандос Маханов, Жадыра Сейдахметова, Асел Қожабекова, Асанәлі Айдарұлы, Бекарыс Малдыбек, Талғат Қарынбаев, Ғалымжан Бейсенбаев, Алмагүл Индемесова, Аяз Ильясов, Шакен Амантуров, Нұрбағлан Джумабаев, Бақдаулет Шаймахан, Аружан Нышанбай сынды өнерпаздар көрерменге әсерлі ойын ұсынды.
Тағылымы терең бұл қойылым ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-анаға деген құрмет пен адамгершілік қасиеттердің маңызын тағы бір мәрте еске салады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...