ТҮРКІСТАНДА «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні – Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасы, ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтары туралы мазмұнды мәліметтер беріліп, тағылымды бағдарламалар ұсынылды.
Іс-шара аясында жиналған қауым ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Осы арқылы қазақ халқының татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениеті дәріптеліп, көпшілікке кеңінен таныстырылды. Мұндай кездесулер қоғамдағы бірлік пен өзара құрметтің маңызын айқындай түседі.
Мәдени-танымдық шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай рухани мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.
Шара ұлттық мәдениетті насихаттап қана қоймай, жас буынға ата-бабадан қалған салт-дәстүрдің маңызын түсіндіруге бағытталған тағылымды басқосуға айналды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...