КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ «ҚАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Бүгін Кентау қаласындағы №52 референдум учаскесінде «Қаланың мақтанышы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде қаладан шыққан танымал тұлғалардың фотосуреттері көрермен назарына ұсынылды. Бұл шара жергілікті азаматтардың жетістіктерін еске түсіріп, кентаулықтардың патриоттық сезімдерін арттырды. Қазір Кентау қаласында республикалық референдум өткізу үшін 35 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Қала бойынша референдумға қатысуға құқылы дауыс берушілердің жалпы саны 56 099 азаматты құрайды.
Еске сала кетсек, бүгін сағат таңғы 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Дауыс беру учаскелері ең көп аудандар: Сайрам – 89, Сарыағаш – 82, Жетісай – 75, Төлеби ауданы – 69, Түркістан қаласы – 65. Республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...