СОЗАҚТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұйымдастыруымен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Аталған шара барысында Созақ ауданындағы Шолаққорған – Түркістан бағытында орналасқан «Маруся-Бұлақ» аумағында кең көлемді абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, бұлақ көзі аршылып, айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақты ретке келтіру мақсатында арнайы техникалар тартылып, санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсартылды.
Экологиялық акцияға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының Созақ өндірістік бөлімшесінің қызметкерлері, ардагерлер мен жастар белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Аталған бастама табиғи су көздерін сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды тазалыққа үндеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...