ШАРДАРАДА “TAZALIKE” ЭКОФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Шардара ауданында 23 наурыз – Тазару күніне орай ұйымдастырылған “TAZALIKE” экофестивалі аясында “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті.
Аталған шараға «Қазсушар» РМК қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары және “Хамит” балық зауытының ұжымы белсене қатысып, су айдындары мен жағалау аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жағалау маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.
Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, су ресурстарының тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Ортақ іске жұмылған қатысушылардың еңбегі нәтижесінде табиғат аясы тазарып, өңірдің көркі айшықтала түсті.
Айта кету керек, мұндай ауқымды шаралар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға, сондай-ақ қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...