ТҮРКІСТАННЫҢ АВТОПАРКІ ЖАҢАРЫП, ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ 35 ЖАҢА АВТОБУС КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тасымалдаушы компанияларға 35 заманауи автобустың кілтін табыстады. Нақтырақ айтқанда, «Жолаушы» компаниясы 12 көлік және «ТехПрофАвто» компаниясы 23 автобуспен толықты. Сонымен қатар адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін көлік саласында қызмет етіп жүрген бір топ азаматты алғыс хаттармен марапаттады.
🔰Салтанатты шарада облыс әкімі қоғамдық көлік саласының маңыздылығына тоқталып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз тасымалдау қызметін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
📌– Бүгін біз қасиетті Түркістан төрінде қаламыздың көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды шараның куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен Түркістанға ерекше мәртебе беріліп, шаһарымыз дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қасиетті Түркістанымызға келетін туристер саны жылдан жылға артып келеді. Былтыр Түркістанға 1 млн 200 мың турист пен қонақ келсе, осы жылдың 3 айында 450 мың адам саяхаттаған. Сондықтан ерекше статусқа сай болуы үшін қоғамдық көліктеріміз де заман талабына жауап беруге тиіс. Осыған орай, жергілікті әкімдік пен тасымалдаушы компаниялардың бірлескен жұмысының арқасында көптен күткен 35 жаңа, заманауи автобус пайдалануға берілгелі тұр. Жыл соңына дейін қалалық автопарк тағы да толығады. Қоғамдық көлік – қала тынысының күретамыры. Таң атқаннан кеш батқанға дейін мыңдаған тұрғынды межелі жеріне жеткізіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Қоғамдық көліктерді пайдаланушылар саны жыл сайын арта түсетіні сөзсіз. Сондықтан біз автопаркті жаңғырту жұмысын жалғастыра береміз. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жаңа «темір тұлпарлар» халыққа сапалы әрі ұзақ қызмет ете берсін! Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
🔰Жаңа қоғамдық көліктер бейнебақылау камерасымен, желдеткішпен, электронды билет жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы пандустар қарастырылған.
🔰Қазіргі таңда қала тұрғындарына 204 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Осы саланың дамуына 300-ге жуық маман үлес қосуда. Өткен жылы қалада 27,6 млн адам қоғамдық көлікпен тасымалданған. Тасымалдау қызметін «Жолаушы» және «ТехПрофАвто» компаниялары атқаруда.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...