СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 9000-ҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Бүгін Созақ ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған 9000-ға жуық адам қатысты. Игі шараға ауданның барлық бөлімдері мен мекемелерінің қызметкерлері, ерікті жастар және жергілікті тұрғындар жұмыла кірісті.

Тазалық жұмыстарын ширату мақсатында 18 арнайы техника жұмылдырылып, әрбір мекемеге бекітілген секторлар бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аялдамалар ретке келтірілді.

Сенбілік барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов көпшілікпен бірге тазалық жұмыстарына қатысып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бірқатар мекеме қызметкерлері Түркістан бағытына шығар жол бойындағы «Жасыл белдеу» аумағына жұмылдырылды.

Аталған аумақта 30 000-нан аса көшет отырғызылған. Аумақта 20 мыңға жуық тал көшеттерінің түптері әктеліп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы күндері де жалғаспақ.

Жалпы, сенбілік жұмыстары аудан тұрғындарының ортақ іске деген жауапкершілігін көрсетіп, тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастырып келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік...

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью.

В День работников науки Касым-Жомарт Токаев сделал шикарный подарок...

Мұнай төмен құлдырағанымен, енді ештеңе шешпейді

2026 жылдың бірінші тоқсаны Қазақстан экономикасы үшін шынайы сынақ...