Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

🎾 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
🎾 Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
🏆 Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде түркістандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Школьница из Туркестана высказалась о значении новой Конституции для молодежи

Ученица 10-го класса, воспитанница Дворца школьников города Туркестана Назым...

ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ АҚСУКЕНТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданында Жібек жолы және Ақсукент бастауыш партия ұйымдарының...

АРЫС ЖӘНЕ КӨЛКЕНТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс және Көлкент бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып,...

Мәслихаттар – жергілікті жердегі азаматтардың үні мен жаңартылған билік жүйесінің маңызды буыны

Мәслихаттар – халқының еркін білдіретін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оны...